Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Биология [ Добавить материал ]


Биологиядан 6 сыныпқа араналған тақырыптық тест тапсырмалары
17.10.2016, 21:23

Пән: Биология, Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

1.Өсімдіктерді тозаңдандырады:
A.Құрттар, көбелектер, аралар, қоңыздар
B.Көбелектер, аралар, қоңыздар
C.Көбелектер, бактериялар, аралар, қоңыздар
D.Тышқандар, аралар, қоңыздар
E.Ұлулар,тасбақалар, аралар, қоңыздар

Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жауабы в

2.Өсімдіктің тұқымдары мен жемістерін таратады:
A.Аралар, қоңыздар.
B.Құрттар
C.Қоңыздар
D.Жануарлар
E.Көбелектер, бактериялар

Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.

3.Топырақты қарашірікпен байытатын:
A.Қоңыздар
B.Өсімдіктер
C.Көбелектер, бактериялар
D.Құрттар
E.Жануарлар

Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады. Ауаны шаң мен улы газдан тазартады. Ауру тудыратын майда ағзаларды жояды. Аптап ыстықты, қақаған аязды бәсеңдетеді

4.Топырақтың құрылымын жақсартады:
A.Өсімдіктер
B.Көбелектер, бактериялар
C.Шұбалшаңдар
D.Қоңыздар
E.Жануарлар

Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.

5.Ғалымдар жыл сайын бунақденелілердің:
A.2 мың жаңа түрлерін ашады
B.5 мың жаңа түрлерін ашады
C.5 мың жаңа түрлерін ашады
D.4 мың жаңа түрлерін ашады
E.3 мың жаңа түрлерін ашады

Ғалымдар жыл сайын 2 мың бунақденелілердің жаңа түрлерін ашады; сол сияқты балықтардың, құрттардың, саңырауқұлақтардың тізімдері де жаңа түрлермен толығып жатады. Бірақ құстар мен сүтқоректілер арасында мұндай жаңалықтар өте сирек кездеседі.

6.1938 жылы жалманды тапқан:
A.Ж.М.Кудерин
B.Б.М.Мусин
C.В.А. Селевин
D.А.Ы.Жандеркин
E.Х.Д.Досмухамедов
1938 жылы В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедиция Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты.

7.Балқаш көлінің солтүстігінде мекендейтін тышқанның түрі:
A.Қосаяқ
B.Кәдімгі тышқан
C.Жалман
D.Суыр
E.Қоян

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады.

8.Көшпелі шегірткені сүйіп жейтін тышқанның түрі:
AЖалман
B.Кәдімгі тышқан
C.Суыр
D.Қоян
E.Қосаяқ

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады. Ол көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де қоректенеді.

9.Жалманның негізгі тіршілік ететін жерлері:
A.Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары
B.Балқаш көлінің оңтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары
C.Қызылқұм шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары
D.Африка шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары
E.Гобби шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады. Қазақстанда ғана кездесетін, жүні майда, жібектей сусылдаған, қалың, құлағы түтік болып қусырылатын, алақан тәрізді жазылатын кішкене ғана аң. Ол көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де қоректенеді; өте сирек болғандықтан, ол қорғауға алынған.

10.В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедициясының жаңалығы:
A.Кірпі тәрізді кемірушілердің бірі – атжалманды тапқан
B.Егеуқұйрық тәрізді кемірушілердің бірі – қосаяқты тапқан
C.Қоян тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан
D.Тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан
E.Бауырменжорғалаушы тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан

Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты.

Категория: Биология | Добавил: aig9090 Жусупова Айгерим Фазыловна |
Просмотров: 130 | Загрузок: 257
Всего комментариев: 0
avatar