Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Конкурс (закрыт) » Среднесрочный план [ Добавить материал ]


Қысқа мерзімді жоспар 7-сынып география
09.08.2015, 13:14

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы § 1 Материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні:
Сыныбы: 7 Сағат реті № 1
Сілтеме Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §1, 4-7 б.
Мақсаты Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік
Оқушылар санасына материктер пен мұхиттар туралы түсінік қалыптастыра отырып, дүние жүзіндегі материк пен мұхит туралы білім алуға баулу. Аралдар мен дүние бөліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.
География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.
Негізгі идея Материктер мен мұхиттарды анықтап көрсету, оқушылардың материктер мен аралдар тобы, дүние бөліктерімен мұхиттарды ажырата алуына ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Таным деңгейлері Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер Ресурстар Уақыт
Оқыту кезеңдері Қызығушылықты ояту
Білу Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытатынын анықтай отырып, материктер мен мұхиттар туралы түсінік беру және материк тер мен мұхиттардың орналасу заңдылықтарын ашып көрсету
Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою. Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда материктер пен мұхиттар және оларды орналасуы мен саны).
«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».
Үлестірмелі карточкалар
А4 форматтағы материк пен мұхиттық карталар
Географиялық диктант, Реттеуші тесттер 5 мин
Түсіну Картамен жұмыс жасаттыру,
Материктер мен мұхиттарды картадан көріп танысу және бір материкпен келесі материктің байланысу аймақтарын анықтау немесе екі су айдынын жалғастырып жатқан географиялық нысанды картадан табу. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдеріне
кіріспе жасап өту. Картамен жұмыс жасайды. Материктердің орналасуны әсер ететін факторлар анықталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда немесе батыс және шығыс жарты шарларда орналасқан материктердің бір-бірімен байланысы жасалады және материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдеріне шолу жасалады. «ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау. Дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні. 10 мин
Оқыту кезеңдері.
Қолдану Оқушыларды сырттай бақылау Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Диалогтік. А4 форматтағы карта (мұхиттарға байланысты) 7 мин
Сергіту. АКТ 3 мин
Талдау Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Еуразия материгін анықтап сипаттама беру
ІІ топ. Африка материгін анықтап сипаттама беру.
ІІІ топ. Америка дүние бөлігіне сипаттама беріп солтүстігі мен оңтүстік бөліктерге бөлу.
IV топ. Аустралия материгін анықтап сипаттама беру.
Vтоп. Антарктида мен мұхиттарға сипаттаме беру. Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Диалогтік оқыту. Оқулық, А4 , қаламсап. 7 мин
Оқыту кезеңдері Ой-толғаныс кезеңі.
Жинақтау. Шығармашылық тапсырма беру. Әр топқа үш А4 форматқа жазылған тапсырмалар таратылады. Тапсырмалар реттеуші тестті анықтау. Тақтадағы картаға стикерге жазылған материктер мен мұхиттарды жазып тиісті құрлыққа жабыстыру
Тапсырмаларды орындайды. Сызба бойынша сұрақтарға жауап береді. Диалогтік
АКТ А4, қаламсап,
Дүние жүзінің физикалық картасы, стикер, маркер, оқулық мәтіні. 10 мин
Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттарды анықтау және зерттелу кезеңдеріне шолу жасау. 3 мин

Категория: Среднесрочный план Қозметова Айдана Ертайқызы |
Просмотров: 1053 | Загрузок: 981
Всего комментариев: 0
avatar