Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Учителя школы [ Добавить материал ]


Санды 9-ға көбейту және бөлу
08.11.2016, 19:11

Мерзімі:29.10.2015ж пәні:Математика сыныбы: 3 А -сынып Мұғалімнің аты-жөні: Какимбекова Анар Бекеновна
Сабақ тақырыбы: Санды 9-ға көбейту және бөлу
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: Санды 9-ға көбейту және бөлу кестесін білу
Түсіну: 9-ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру және оны пысықтау.
Қолдану: Тапсырманы орындауда кестені дұрыс қолдану.
Талдау: Көбейту мен бөлу кері амалдар екенін талдау.
Жинақтау: Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтау.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау және топтық бағалау.
Күтілетін нәтижелер: - Санды 9-ға көбейту және бөлу кестесін біліп,түсінеді.
- 9-ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушылар танысады.
- Тапсырманы орындауда, кестені дұрыс қолдана алады.
- Көбейту мен бөлу кері амалдар екендігін талдай алады.
- Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтай алады.
- Өзін-өзі бағалай алады және топтық бағалау кезінде топ басшысы өз ойын нақты айта алады;
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Саяхат сабағы,психалогиялық дайындық, тренинг «Жан жылуы»,сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс,жеке жұмыс,сергіту сәті, тақтамен жұмыс.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Бағалау парағы, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау.
Қажетті ресурстар: «Математика» оқулығы Атамұра баспасы,2014.
Кеспе қағаз,плакат,қарындаш,стикер.

Категория: Учителя школы | Добавил: Anar-Kakimbekova | Теги: Санды 9-ға көбейту және бөлу Какимбекова Анар Бекеновна |
Просмотров: 93 | Загрузок: 55
Всего комментариев: 0
avatar