Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Учителя школы [ Добавить материал ]


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
09.03.2016, 23:36

Сыныбы: 6
Пәні: Әдебиет
Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
Сабақтың мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын, «Менің атым- Қожа» хикаятының мазмұнымен танысады; тіл байлықтарын арттырып, өз ойларын түрде жеткізу дағдылары артады; үлкендерді құрметтеуге, анасын қадірлеуге, достарын сыйлауға тәрбиеленеді.
Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, оқу қажеттілігінің мәңгілік екенін сезінуге жетелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту, шығармашылық
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары («Бес жолды өлең», «Түртіп алу кестесі», «Кубизм»)
Көрнекілігі: интертақта, жазушының портреті, слайд-иллюстрация, «Саржайлау» әні.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, кезекшіні тыңдау;
ә) үй жұмысын сұрау.
Б.Момышұлы жөнінде «Елім деп туады ер» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды.
ІІ Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой қозғау
1. Қызығушылықты ояту.
«Саржайлау» әнін тыңдату.
-Балалар, бұл ән қай фильмде ойналады?
«Менің атым Қожа» көркем фильмінен слайд көрсету.
Иә, балалар, бұл фильм Бердібек Соқпақбаевтың повесінің желісі бойынша түсірілген.
«Менің атым Қожа» повесін оқымаған қазақ баласы жоқ шығар, сірә. Олай болса бұл ғажап шығарманың авторымен жақынырақ танысайық. Слайд арқылы портретін назарға ұсынып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру.
Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.
Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді. "Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
2. Мағынаны тану.
Алдын ала оқып келген шығарманы мына сюжеттік жоспар бойынша мазмұндату:
• Қадыров Қожаберген
• Қожа мен Майқанова апайдың арасындағы түсініспеушілік
• Сәбира Майқановамен кездесу
• Орыс тілі сабағында
• Қожаның мектептегі қылығы
• Мектептегі жиналыс
• Жаңа өмірге қадам
3. Ой қозғау
1-топқа арналған «жіңішке сұрақтар»:
1. Жаңа оқытушы кім? Оны сипатта
2. Қожаның оқу үлгерімі қандай?
3. Сәйбек атамен кім жайлы әңгімелесті?
4. Қожаның анасы не үшін күйзелді?
2- топқа арналған «жуан сұрақтар»:
1. Оқиға қай кезеңде болған?
2. Оқулық сатып алудағы Қожаның іс-әрекеті?
3. Неліктен мұғалімі тентек Қожаны «түбінде адам болатын бала» деп мақтады?
4. Қожаның өзгеруіне не себеп болды деп ойлайсың?
4.«Бес жолды өлең» стратегиясы. «Ана – аяулы жан»
- Кім?
- Қандай?
- Не істейді?
Түйін сөз.
Синоним сөз
ІІІ Бекіту кезеңі:
5. «Кубизм» стратегиясы
1. Шығарманың тақырыбы не жөнінде?
2. Қожаның қатты қобалжыған сәттерін баянда.
3. Біздің мектепте Қожалар бар ма?
4. Сен Қожаның қылығын құптайсың ба?
5. Қожа басынан өткен оқиғадан не түйді?
6. Шығарма неліктен өміршең деп ойлайсың?
ІV Қорытындылау кезеңі:
6. «Түртіп алу» кестесін толтыру.
7. Оқушыларды бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма: Қожаның портреті суреттелетін үзіндіні жаттау.
Қожаға мінездеме беру.

Категория: Учителя школы | Добавил: Рузия Жуманова Рузия Касымжановна |
Просмотров: 620 | Загрузок: 420
Всего комментариев: 0
avatar