Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Учителя, прошедшие уровневые курсы [ Добавить материал ]


Орта мерзімді жоспарлау 4 сынып қазақ тілі
31.08.2015, 21:28

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба.

Бағдарламаның негізгі идеясын іске асыру үшін бастауыш сыныптарында қазақ тілі пәні бойынша жеті модульді ықпалдастыра отыра, орта мерзімді жоспарды жасадым.Ол лексика мен грамматиканы байланыстыру арқылы тізбектеліп берілген сабақтар. Сыныпта жақсы ахуал жасадым, өйткені сабақтын жақсы өтуіне әсер тигізеді.Сабақта топтық жұмыстарын жүргізуге де көп көңіл бөлдім.Мұндағы мақсатым оқушыларды топта бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру,бірін-бірі тыңдай,бағалай білуге(бағалау парақтары,смайликтер,қолмен белгі беру),пікір алмасуға,өздерінің ой пікірлерімен бөлісуге, кез келген ойды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дәлелдей білуге баулу.Диалогтік оқыту барысында оқушы өзінің білмегенін жұмыс жасап отырған топтағы серіктестері арқылы талдау,пікір алмасу барысында біліп алады.АКТ –ні пайдалану жеке жұмыс жасау кезінде қолдануды көздедім. Себебі интербелсенді тақта арқылы сабағымда қолданатын құралдарды визуалдандыру дағдыларын дамыту мақсатында пайдаланамын. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін «Ыстық орындық», постер, кластер жасау арқылы енгізгенін көздедім. Оқушылардың тақырыпты өздері ашуына мүмкіндік беретінін негізге ала отырып, мәселені шешудің жолын өзі іздеп табатынын және сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылауға жағдай жасауды жоспарладым. Ондағы мақсатым оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру..Оқушылардың жас ерешеліктерін ескере отырып тапсырмаларды құрастырдым.Өзім дайындаған орта мерзімді жоспарымда жеті модульді де бірін-бірі толықтыра отырып, орынды үйлесім тапты деп ойлаймын.Алдағы уақытта жеті модуль идеяларын өз тәжірибемде қолдану, әсіресе АКТ мен сыни тұрғыдан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін енгіземін.

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы Уаисова Алма Сурагановна |
Просмотров: 715 | Загрузок: 460
Всего комментариев: 0
avatar