Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Учителя, прошедшие уровневые курсы [ Добавить материал ]


«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп
21.12.2015, 18:51

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. (МАН, 4-бет) Өмір -теңіз, мектеп- кеме десек, сол кеменің капитаны бағыт-бағдарын анықтаушы мұғалім. Әр мұғалім балаға сапалы да саналы білім беруге тырысады. Сапалы білім кепілі құзырлы мұғалімнің қолында. Қазіргі таңда мұғалімдеріміз жан-жақты білімді деуімізге болады. Әрқашан ізденіс үстінде. Ізденбесек дамымайтынымыз айдан анық. Баланы сын тұрғысынан ойлата білу үшін, мұғалімнің өзі сын тұрғысынан ойлай алатын, жаңашыл идеялары қолдана білетін тұлға болуы шарт. Үш айлық бағдарламаның бірінші бетпе-бетін аяқтағаннан кеін әрқайсысымыз өз мектебімізге оралып, тәжірибеден өттік. Алғашқы айда үйреніп білгенімізді оқушыларымызға жеткізуге тырыстық. Қандай болмасын әдісті сабақтарымызға қалай қолданамыз деген ой барлығымызды дерлік толғандырмай қоймады. Қалай десек те бұл да бір біткен іс болды демекші бір айымыз көзді ашып –жұмғанша өте шықты. Жоспарлаған сабақтарымызды, алға қойған мақсаттарымызды орындап, «көрінген таудың алыстығы болмас» деп екінші «бетпе-бетке» де жеттік. Екінші «Бетпе-бет» кезеңіне келген сәттегі бірінші күніміз мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі тапсырмалар бойынша пікір алмасу болды. Бірінші қозғалған мәселе мектептегі тәжірибе барысында орындау керек болған сегіз тапсырмаға байланысты болды. Яғни мектеп ұжымымен кеңестеріміз, оқуда енгізген өзгерістеріміз бен жетістіктеріміз туралы сыр шертістік. Әрине кемшіліктеріміз бен кездескен кедергілеріміз де жоқ емес. «Көш жүре түзеледі»- демекші алғашқы сабақтан бастап бәрін керемет өткіздік дей алмаймыз. Осы тапсырмалардың ішінде Талантты және дарынды балаларға байланысты тапсырмаларды қалай орындағанымызға тереңірек тоқталып өткім келеді. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі туралы бірінші бетпе-бетте де постер қорғап, осы модульді сабаққа қалай ықпалдастырсақ болатындығы туралы болжамдарын, өз ойларын ортаға салған едік. Екінші бетпе-бетте біз өз тәжірибемізде осы модульді қалай қолдандық, қандай тапсырмалар арқылы жүзеге асырдық деген мәселе қарастырылды. Ортаға шығып қорғалған жұмыстар барысында осы модульді әр кім әрқалай қолданғанының куәсі болдық. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі Жұматаева Гүлмира «Синквейн» әдісін бірінші бетпе-бет кезінде өзінің сабағына яғни физикаға қалай қолданам деп ойлаған екен. Алайда тәжірибе барысында осы тәсілді қолдану арқылы оқушылардың жеткен жетістігі көз қуантарлық болғанын айтып, өз қуанышын жасыра алмады. Мысал келтіріп өтсем:
Зат есім: Энергия
Сын есімдер: атом, тоқ энергиясы
Етістік: өндіріледі, байланыстырады
Түйін сөз: энергияның экологиялық таза түрі ізделуде
Синоним: шама
Тіпті мектептегі басқа әріптестері, мысалы, қазақ тілінің маманы осы тәсілді оқушылардың сабақта қолдануға өтініш білдіргенін айтқан екен. Қандай да болмасын тапсырманы барлық балаға ортақ тапсырма ретінде берсеңіз «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» ең алдымен мәреге жетеді. Біздің топ талантты және дарынды баланы тауыс құсқа теңедік. Себебі талантты және дарынды баланы біз сан қырынан аша білуіміз керек. «Дарынды бала –бұл белгелі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала» Лейтис Н.С.
Талантты және дарынды балаларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын (МАН,70-бет) ұсынуға болады.
Дарынды балаларға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, еңбекте шаршап –шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары, үнемі табысқа ұмтылады.
-Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; оларды апаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады.
-өз білімін жетілдіру:олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқарудан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
-ойлау қабілеттерінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады.
-мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықта-рын анықтап, мәніне тезірек жетеді.
-икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілетері де жақсы ұйымдастырылған.
Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады (Фриман, 1998)
Өз басым балаларға «Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына» байланысты тақырыпты өткеннен кейін слайд жасауға тапсырма бердім. Төрт оқушымның жұмысы өте қатты ұнады. Ақпаратты жан-жақты қарастырып, бір арнаға тоғыстырған екен. Интернеттегі дайын дүниені көшіріп келушілер де болған.
Сонымен қатар келесі сабағымда тест құрастыру тапсырмасы берілді. Тілеуова Айдананың құрастырған тест тапсырмалары өте мазмұнды болғанын атап өткім келеді.
Тобымыздағы бастауыш пән мұғалімі Қасқарауова Гүлдана талантты және дарынды балаларды оқытуда «Ақын орындығы», «Тұлғаны танып біл», ағылшын тілі пәнінің мұғлімі Нугумарова Ақтоты «Джигсо», «Кеңейтілген тапсырмалар», қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рахманова Зарина «Кубизм», «Тест», «Деңгейлік тапсырмалар», бастауыш сынып мұғалімі Кенжина Райхан апай тірек сөздерді ұсына отырып өлең құрастыру тапсырмаларын, математика пәнінің мұғалімдері Нұрсұлтанов Болат пен Бейбітгүл, Тұтқабаева Сәуле «Кубизм» және «Буруме» (бірілген ұйқасқа өлең құрастыру) әдістерін, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абитаева Асем «Кластер», тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді айтудан жарыс әдісін, математика пәнінің мұғалімі Жусупова Бибіжан апай мен география пәнінің мұғалімі Сыдыканова Бекзат апай және физика пәнінің мұғалімі Ақпанова Жұлдыз апайлар «Деңгейлік тапсырмалар», бастауыш пәнінің мұғалімі Байбабанова Сымбат «Қызықты деректер топтамасы» әдісін, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Индира мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жапсарбаева Назгүл апай үш минуттық «Эссе жаздыру» әдістерін, тарих пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Асель «Ребус», «Сөзжұмбақ», «Тест тапсырмаларын», бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл мен Құрманғалиева Жұлдыз «Буруме» тәсілін, бастауыш сынып мұғалімі Несипбекова Бота апай мен Лебекова Камшат «Логикалық есептер», «Тест тапсырмаларын» және «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынын, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аймағамбетова Венера «Зияткерлік ойын» түрлері мен «Бинго», «Қара жәшік» ойындарын қолданған екен. Биология пәнінің мұғалімі Тусупова Гүлназ «Кеңейтілген тапсырмаларды» беру арқылы жеті модульді қолданып, өз сабақтарына ықпалдастырғанының куәсі болдық. Бір ғана әдістің өзін әр қалай түрлендіруге болатынын көрдік. Әрине бұл әр ұстаздың өз шеберлігіне байланысты екенін білеміз. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші ұстанымы болған аданың көзқарасы қалыптасады, көзқарас қалыптасқаннан кейін шешімге барамыз, сол шешімізді іс әрекет арқылы жүзеге асырамыз. Байқап отырсам ең көп қолданысқа енген әдістер мен тәсілдер «Кубизм», «Буруме», «Тест», «Кеңейтілген тапсырмалар», «Синквейн», «Логикалық есептер» және де ең аз қолданылған әдіс тәсілдер «ребус», «сөзжұмбақ» «слайд» қорғату мен «Бинго» әдісі екен. Осы тәсілдердің арасында жеке дара тоқталғым келгені Байбабанова Сымбатттың қолданған «Қызықты деректер топтамасы» мен Несипбекова Бота апай мен Лебекова Камшаттың қолданған «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәсілдері баланы ерте жастан жан-жақтылыққа тәрбиелейтін тәсілдер екеніне көзіміз жетті. Әдетте біз бастауыш сынып мұғалімдерінің қаншама қиындықтарды жеңіп балаға білім беретінінің байыбына бара бермейміз. Білімнің іргетасы осы бастауышта қаланады. Егер бастауыштан балаларымыз жан-жақты білім алған тұлға болса біздерге яғни орта буын мұғалімдеріне оларды ары қара жетелеу оңай болмақ.

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы | Добавил: Жазира Есенкулова Жазира Даукеновна |
Просмотров: 808 | Загрузок: 518
Всего комментариев: 0
avatar