Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Учителя, прошедшие уровневые курсы [ Добавить материал ]


Мақала. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің жаңа бағыттары
10.10.2016, 22:48

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі ерекше, өйткені – бұл әдіс әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктірді. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл әдіс оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және ойымен қабылдауын көздейді. [МАН, 2012.49б]. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіснің тиімділігі - оқушыға үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренушінің қызығушылығын, сенімін арттыратын әдістердің бірі.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің мақсат - барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке (оқу материалына) мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау, сындарлы ойлау арқылы оқушыны сыни ойлаудың биік шыңына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің міндеттер:
• Сыни ойлау арқылы барлық жастағы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуды іске асыру;
• Сын тұрғысынан ойлаудың озық әдістерін игеру арқылы оқушыларға терең білім беру;
• Әрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу;
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырып келемін. Орыс тілді аудиторияға қазақ тілін меңгерту оңай жұмыс емес. Дегенмен, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - менің сабақ беру әдісімді, оқытуға деген түсінігімді өзгертті.

Менің зерттеу назарымда сыни сауаттылық және біздің қазіргі қоғамда, яғни оқушы назарында оны қалай түсінеді деген мәселе. Мен үшін Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ұғымы деңгейлік курсты аяқтағанға дейін аса таныс болмаған еді. Ал қазір деңгейлік курсты аяқтағаннан кейін екі-үш жыл көлеміндегі тәжірибемде «Сыни» сөзі көптеген сұрақтарыма жауап тауып, әлі де сұрақтар тудырды және тудыруда.
Жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме еніп, шыңдалып, нәтижесін беріп келе жатқан әдіс - Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету әдісі. Аталған әдістің басты мақсаты - оқушылар кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің шешіміне келуі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің тиімділігіне келер болсақ, менің оқыту кезінде назар аударған тұсым, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Мені қызықтыратыны аталған әдіс арқылы оқушыларымның өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Әсіресе, әдістің тиімді тұсы-оқушыларым еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге дағдыланып келеді. Оқушыларымның Сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасай алуы сияқты жан-жақтылық іс-әрекеті тәжірибемде көрініс тауып отыр.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі - менің сабақ беру әдісімді ғана өзгертіп қойған жоқ, менің терең сенімімді қанағаттандырып, кәсіби намысымды оятты. Менің оқушыларым өздерінің сенімділіктерімен, еркін ұстауларымен таң қалдырады. Тақырып туралы сөйлеуге қорықпайды, сұрақтар қояды. Ал өздерінің еңбегінің жемісін көргенде, жақсы баға мен мақтауларға бөленгенде, қуанғандарын көрсеңіз. Әр баланың жан-дүниесіне үңілсеңіз бір нәзіктікті сезінесіз, ал егер оны абайлап түртсеңіз, олар сөйлейді және де бар даусымен сөйлейді. Сондықтан менің міндетім – осы нәзіктікті тауып, оларды жақсы көру.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің принципі мен тұжырымдамасын іс-тәжірибеммен ұштастырғанда Қандай нәтиже береді? деген сұрағымның жауабын өз тәжірибемде тауып келемін. Себебі, мұғалімнің сындарлы білімі, жаңа заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттерінің бар болуында. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі - оқушының дамуына ықпал ету мен нәтижеге бағыттап қана қоймай, өз жұмысыма сыни тұрғыдан қарауды және «Рефлексивтік практик» деген ұғымды тәжірибемде түйсіне білуіме ықпал етті. Жаңа бағытта жұмыс жасау (заманауи мазмұндағы сабақтар, іс шараларға рефлексифтік есеп беру, шеберлік сабақтар, байқауларға қатысу), білім сапасын арттыра отырып, әр оқушының сыни, сыңдарлы ойлау мен дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, білімді жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру - менің міндетім.

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы | Добавил: islam | Теги: тұрғыдан ойлауға үйретудің жаңа бағ, Сыни Жунусов Куаныш Мейрамович |
Просмотров: 176 | Загрузок: 103
Всего комментариев: 0
avatar