Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Планирование [ Добавить материал ]


Жоспар 3 сынып "Жаз"
01.04.2015, 22:28

Сабақтың тақырыбы: Жаз.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: жыл мезгілдерін сипаттауды үйрету.
2.Дамытушылық: тіл дамыту; ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге аялай, қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекілігі: .суреттер
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Фонетикалық жаттығу.
Бұл қай кезде болады? Жаз өлеңдерінің үзінділері.
- Балалар, сонымен мынандай өзгерістер жылдың қай мезгілінде болады?
- Жаз.
- Жаз сөзінің аудармасы?
- Жаз – лето.
- Тағы жаз сөзі қалай аударылады?
- Жаз – пиши.
- Жаз – лето, жаз – пиши сөздермен сөйлем құрастырайық.
- Мысалы: Жаз келді. Сен тақтаға жаз.
- Жақсы: Енді жаз сөзіне қарама – қарсы мағыналы сөзді кім айтады?
- Қыс.
- Жаз бен қыстың ұқсастығы неде?
- Жыл мезгілдері.
- Бүгін сабақ не жайында болады?

ІІІ.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жаз .
• Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІҮ.Сөздікпен жұмыс:
Жыл мезгілі
Демалады
Шомылады
Күнге күйеді
Маусым
Шілде
Тамыз
а) дұрыс айтуға дағдыландыру:
-мәнерлеп оқу;
-оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды:
- оқушылар тізбекпен оқиды;
б) сөз тіркестерін құрастыру;
в) сөйлемдер құрастыру.

Ү.Тыңдалым.
Берілген тақырыптағы мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну.
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демелады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді.

ҮІ.Оқылым.
1-тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру.Сауатты оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын тексеру.

ҮІІІ.Айтылым
Айтылым әрекетін іске асыру үшін сұрақтарға жауап беру.
Жаздың бірінші айы?
Жаздың бірінші айы маусым.
Маусым туралы өлеңді оқу.
Маусым.
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді – жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан – жануар мәз – мейрам.

Жазда не жауады? білу үшін жұмбақты шешіңдер.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. .........

Жазда балалар демалады. Диалог құрастырыңдар.
- Жазда балалар қайда шығады?
- Жазда балалар каникулға шығады.
- Олар қайда шомылады?
- Олар өзенде, көлде шомылады.
- Балалар ата – аналарымен қайда барады?
- Балалар ата – аналарымен саяхатқа барады.

Дұрыс, бұрыс ойынын ұйымдастыру.
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. ( дұрыс)
Жазда қар жауады. ( бұрыс)
Адамдар жылы киімдерін киеді. ( бұрыс)
Жазда балалар коньки, шаңғы теппейді. ( бұрыс)
Жаз жылдың ең ыстық мезгілі. ( дұрыс)

ІХ.Сергіту сәті
Біздер тату тұрамыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз

Х. Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын ұйымдастыру.
Ойын шарты: Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Кез келген оқушы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.Соңына дейін солай жүреді.

ХІ. Жазылым.
Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Жылдың төрт мезгілі бар: ------------------------------------------
Бір жылда он екі ай бар: ---------------------------------------------
-------------------------------- - жаз айлары.
Ең ыстық жыл мезгілі - --------------------.
---------- жемістер, көкөністер піседі.
.

ХІІ.Сабақты қорытындылау.
Сұрақтарға жауап бер.
Қыс айлары қандай?
Қыста не жауады?
Адамдар қалай киінеді?
Қыста балалар не тебеді?
Қыс қандай мезгіл?

ХІІІ.Бағалау.

ХІҮ .Үйге тапсырма: сөздерді жаттап келу, диалог құрастырып келу.

Категория: Планирование Жусуппекова Дина Ескеновна |
Просмотров: 816 | Загрузок: 478
Всего комментариев: 0
avatar