Учитель 21 Века

Главная » Файлы » главная » Планирование [ Добавить материал ]


Сызу пәнінен "Техникалық сурет туралы түсінік" тақырыбында қысқа мерзімді жоспар
24.08.2016, 10:06

Пән: сызу
Сыныбы 9
Сабақтың тақырыбы: Техникалық сурет туралы түсінік.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға техникалық сурет жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: оқушы ізденісіне жол ашу, танымдық ізденімпаздығын дамыту және өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға қалыптастыру
Сабақтың нәтижесі:
- Техникалық суреттерге талдау жасай алады;
- Топта жұмыс жасайды;
- Өзін және өзгелерді бағалайды.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, жұмыс парағы, бағалау парағы
Сабақ әдіс – тәсілі: ДЖИГСО, Ыстық орындық.
Жұмыстың формасы: жұппен, топпен.
Сабақ барысы:
Кезеңдері Модуль Уақыт Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Ұйымдас
тыру СТОҮ, ОЖТ 3І Оқушыларды ортаға шақырамын да, шеңбер құрып тұрамыз
- Енді бір-бірімізбен дене мүшелеріміз арқылы амандасамыз.
Балалар, мен сендерге қазір қағаздар таратамын, сол қағаздарда әртүрлі суреттер берілген, сол суреттер арқылы тобымызды табамыз, сөйтіп топқа бөлінеміз. Бір - біріне тілек айтады.
Оқушылар дыбыссыз қадаммен орындарына жайғасады
Білу АКТ, СТОҮ
4І Ассоциация туғызу

Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты анықтайды
Түсіну СТОҮ, диалогтік оқыту
(Бас бармақ арқылы) 10І ДЖИКСО
Мақсаты: Техникалық сурет тақырыбының мазмұнын ашу, білу, түсіну.Топта ұжымдасып жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушылардың бірлесе жұмыс істеулерін бақылау және бағыт бағдар беру, әрі ынталандыру. Әр топ тақырыпты оқып біледі, топта талқылайды. Уақыт аяқталған соң, келесі топпен түсініктерімен бөліседі, қайта жанұяға келіп, толыққанды білімдерін ортаға салып түсінеді
Қолдану СТОҮ, ДОЖ (стикер арқылы баға беру) 15І Практикалық тапсырма
«Нәрселердің көлеңкеге түсірілген техникалық суреттерін талдау.». 55-беттегі нұсқаулыққа қарап отырып, тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті (музыка әуенімен жаттығу жасау)
Талдау СТО,
диалгтік оқыту
ДОЖ
5І «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен материалды сұраймын Топпен жұмыс, зерттеушілік әңгіме.

Жинақтау ДОЖ
(шапалақ арқылы) 7І «Алақан» әдісі арқылы бүгін алған жағымды сәттерді 5 сөзбен жеткізіңіз Бүгін алған жағымды сәттерді 5 сөзбен жеткізеді.
Бағалау Көшбасшылық
(кестені толтыру арқылы) 6І Оқушылардың сабақ барысында жасаған жұмыстарынтоп басшысы берілген бағалау парағы бойынша бағалайды. Сабаққа кері байланыс жасау. Бағалау парағына бағалады,кері байланыс жасады.

Категория: Планирование | Добавил: ntvbhufkbtd | Теги: лрмром., ормдр, ормдрои Темиргалиев Дидар Тулеуович |
Просмотров: 689 | Загрузок: 303
Всего комментариев: 0
avatar