• Республ. олимпиада

    14 января - 24 февраля
  • Служба поддержки

    +7 (778) 411 95 35
By - publisher

Химиялық реакция типтері.8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері
Сабақтың мақсаты: БІЛІМДІЛІК: Химиялық реакциялардың типтері туралы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын ояту.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
ТӘРБИЕЛІК: Топпен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Тест Топтық Интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Тесттер, Интерактивті тақта,оқушыны бағалау парағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім түсіндірмесі. Балалар, өздерің қалаған
түстеріңді таңдап, сол түс белгіленген партаға отырамыз.
А – сары Б – қызыл . Әр топта бір жетекші, баяндамаш ы
материалға жауап беруші, хронометр міндетін атқарушы оқушы
бекітіледі. Топ болып жұмыс жасайтын болғандықтан әр топ мүшесі
қатысуы тиіс.
II. Ой қозғау 1.Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не ?
2.Химиялық реакция белгілерін ата?
3.валенттілік дегеніміз не?
ІІІ. Білімді қорытындылау және жүйеге түсіру.
Тапсырма 1. Реакция типіне анықтаманың сәйкестігін көрсетіңіздер
Қосылу Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция.
Айырылу Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы
Орынбасу Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы.
Алмасу Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция.

Тапсырма 2. Реакцияның белгісін табыңыз
Қосылу реакциясы
1. Бірнеше жай заттар түзіледі. 2. Бір ғана жай зат түзіледі.
3. Бір ғана күрделі зат түзіледі. 4. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.
Айырылу реакциясы
1. Бір жай және күрделі зат қатысады. 2. Бір ғана жай зат қатыса алады.
3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады. 4. Бірнеше күрделі зат қатыса алады.
Орынбасу реакциясы
1. Екі жай зат түзіледі. 2. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.
3. Бір ғана күрделі зат түзіледі. 4. Бір жай және бір күрделі зат түзіледі.
Алмасу реакциясы
1 .Бір жай және күрделі зат қатысады. 2. Бір ғана жай зат қатыса алады.
3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады. 4. Екі күрделі зат қатыса алады
Тапсырма 3. Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.
Реакцияның сипаттамасы Айырылу реакциясы Қосылу реакциясы
Бір жаңа зат түзіледі
Бір реагент
Бірнеше жаңа зат түзіледі
Бірнеше реагент 1
3
5
7 2
4
6
8
Mr (Н2О) =
Тапсырма 4. Реакцияның типін, өнімдердің формуласын анықтап, реакцияны теңестіріңіз
І. H3РO4 + KOH → K3РO4 + H2O А) орынбасу Ә) қосылу Б) алмасу В) айырылу
ІІ. (CuOH)2 + CO2 →CuO + H 2O + CO2 А) орынбасу Ә) қосылу Б) алмасу В) айырылу
III. SO2 + Аl2O3 → Аl2 (SO3)3 А) орынбасу Ә) қосылу Б) алмасу В) айырылу
IV. Zn + Pb (NO3)2 → Zn (NO3)2 + Pb А) орынбасу Ә) қосылу Б) алмасу В) айырылу Тапсырма 5. Типіне сәйкес реакцияны реакцияны аяқтаңыз.
Алмасу реакциясы
А) H2 + O2 ә) Na + H2O Б) C + O2 в ) AgNO3+ HCl
Орынбасу реакциясы:
А) H2SO4 +Zn → Ә) Fe(OH)3 → Б) Cu(OH)2 → В) MgO + HCL→
Айырылу реакциясы:
А) Na2O + H2SO4 → Ә) K2CO3 + HCL → Б)MgCO3 → В) Al + HCl →
Қосылу реакциясы:
А) Fe(OH)3 → Ә) SO2 + O2 → Б) CuO + HCl → В) CuO + HNO3 →
Тапсырма 6. Мына заттардың алынуларына мысалдар келтіріңдер
А) ZnCl2 қосылу реакциясы Ә) ZnCl2 орынбасу реакциясы
Б) СО2 айырылу реакциясы В) ZnCl2 алмасу реакциясы
Тапсырма 7. Қай реакция типі? Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.
Реакция Қосылу Айырылу Орын басу Алмасу
Zn+ HCl → ZnCl2 + H2 ц ч ж б
Na + S → Na2S а ё ю
в
CaCO3 → CaO + CO2 т р к з
N2+ H2 → NH3 а н р м
Fe(OH)3 → Fe2O3 + H2O ш й х о
CuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu м о с а
Fe2O3 + HNO3 →Fe(NO3)3 + H2O г
а
т
ы

Mg + CuCl2 → MgCl2 + Cu л а ң у

IV. Сабақты қорытындылау.
Ү Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма:₰ 20 6-10 есептер 53 бет

Автор:


0

Автор публикации

не в сети 1 месяц

publisher

14
Комментарии: 0Публикации: 3735Регистрация: 08-12-2018
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
*
Генерация пароля
О работе с сайтом, размещая свои публикации на нашем сайте, пользователи берут полную ответственность на себя за контент материалов и разрешение любых спорных вопросов с третьми лицами. Мы всегда готовы помогать Вам в публикации, редакции сайта и в ряде других вопросов. Если Вы обнаружили ошибку на нашем сайте или незаконное использование материалов, сообщите администрации сайта.