Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Сабақ жоспары "Есімше"

Вы сможете скачать через 0 сек.

17.09.2017, 14:19

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімше
Сабақтың мақсаты:
Есімше, оның негізгі ерекшелігін еске түсіре отырып, есімшенің жасалуы, түрлері туралы түсінік беру, әрбір жұрнақ түрлерінің шаққа қатысын меңгерту, мәтіндерден есімшелерді құрамына талдай білуге дағдыландыру. Адамгершілікке, әдептілікке, Отансүйгіштікке, имандылыққа, өнегелікке тәрбиелеу. Танымдылық белсенділігін арттыру, сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Сызба
2. Мазмұнды суреттеу
3. Жалғастыруға арналған мәтін
Пәнаралық байланыс: бүгінгі өмірмен, халықтық педогогикамен, әдебиетпен.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу
-сыныпты түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы
Үйге берілген жаттығуды 5-6 оқушыдан сұрап шығу.
Өткен тақырыпты пысықтау «Қарлы кесек» ойыны қолдану.
Өтілген тақырыптарға байланысты берілетін сұрақтар:
1. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Сабақты етістік деген не?
3. Болымсыз етістік қалай жасалады?
4. Өзгелік етіс деген не?
5. Ырықсыз етіс деген не?
Қызығушылықты ояту.
Барша заттың бір өзінде қимылы,
Сөз табының күрделісі қиыны.
Сабақты салт есімше көсемше бар,
Шақ рай етіс те боп жиылды.
-Балалар осы өлең шумағы қай сөз табын жасырып тұр.
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
1. Есімше дегеніміз не?
2. Мысал
3. Есімше қалай жасалады?
4. Тақтаға сызба ілінеді. Сол бойынша сабақ түсіндіріледі. (1 сатысы)
Мақсаты: сабақтың білімдік мақсаты орындалуы тиіс.
1. – қан, - кен, - ған, - ген - өткен шақ есімшелері.
2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.
3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты келершақ есімшелері.
4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы келер шақ
«Терме диктант» берілген өлең жолдарынан есімшенің жұранқтары жалғанған етістіктерді теріп жазу, жұрнақтарын белгілеу.
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шақпақ.
Наданның көзін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан – сауық ойда жоқ әуел баста - ақ.
Жағытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, бие жарысқан.
Үш шумақтың мақсаты – білімін тиянақтау.
«Есімшені тап» көрнекілігін пайдалану
Мақсаты: өтілген тақырыпты жүйелеу, танымдылық қабілетін арттыру.
Ι – тапсырма. Мәтінді жалғастыр. Тақырып қой, есімшелерді құрамына талда.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін жазбаша түрде арттыру, ойын жазбаша жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру
Күшікті бұл үйшікке әкелгеніне көп болған жоқ. Иесі де өзі сияқты кішкентай, жуас, мұрнының асты қызарып кеткен, кетік тіс қара бала.....
ΙΙ - тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.
Мақсаты: жаңа сабақтан алған білімін бақылау.
Қажетті жұрнақтарды жалғап есімше жаса.
Жұрнақтар: - ған,- ген,- қан.
- р, - ар, - ер
1. Айт..., көр..., бар....,
2. Сөйле..., айт..., бер...,
ІІІ-тапсырма. Мақалды жалғастыр, есімшені тап.
1. Талапты ерге........
2. Ерінбеген...........
3. Еріншектің................
4. Семіздікті...............
ΙV. Шығармашылық деңгей.
Мақсаты: Жаңа сабақта қалыптасқан ұғым – түсініктерінің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша белгілеген дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығару, оқулыққа сүйенбеу керек.
І деңгей:
Төмендегі ұйқас түрлерін қатыстыра отырып, өлең құрастыру. Есімшелерді құрамына қарай талдау.
…. …. …….. тойлаған,
….. …. ……..ойнаған.
…… …. …. туған елім,
. …. . ……..жайнаған.
ІІ деңгей:
Өлең жолдарындағы есімшенің жұрнақтарын табыңдар.
Кейбіреу мақтан үшін шашқан бәрін,
Таң-тамаша қылмақ боп жолдастарын.
Елге қайтар болғанда есін жиып,
Сонда білмей сандалды не қыларын.
V. Қорытынды кезең
1. Есімше қай шақтарға қатысты болады?
2. Есімше қалай жасалады?
3. Есімшенің жұрнақтарын ата.
4. Мысал келтір.
Үйге тапсырма.
1. Жаттығу жұмысы
2. 3 жұмбақ, 3 мақал – мәтел жазып, жаттау
Бағалау. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалау

Категория: Казахский язык | Добавил: armansafura
Просмотров: 173 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar